Мектептің материалдық базасы.
Мектепте сапалы білім алуға барлық мүмкіндіктер жасалған. 30 оқу кабинеттері бар, олардың барлығы эстетикалық және санитарлық-гигиеналық сұранысқа сай. Оқушылардың пән бойынша терең және жан-жақты алу білім алу үшін кітапхана, спорт зал, көркем еңбек кабинеті, алғашқы әскери дайындық, химия, биология, физика, информатика кабинеттері бар. Информатика кабинетінде 20 компьютер интернет желісіне қосылған. Мектепте 200 оқушыға арналған асхана жұмыс жасайды. Мектептің бірінші қабатында 2 бөлмеден тұратын медициналық кабинет орналасқан.
Кітапханадағы жалпы оқулық қоры – 3955. Оның 2865 мектеп оқулықтары, 1090-і қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдеріндегі көркем әдебиет. Оқырмандар интернет желісін пайдалана алады. Кітапхана бөлмесінде оқырмандарға арналған орындар, ақпараттық пункт, каталогтармен жұмыс істеуге арналған орындар, жабық сақтау қорлары бар.
Зияткер ұжымы ертеңгі ел тұтқасын ұстар жан-жақты, дарынды балаларын білім шыңына жетелеуде аянбай еңбек ете береді. Талабы таудай, қабілет-қарымы мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой бола бермек.