Біздің мектеп

Мектеп туралы

К.Тасболатова атындағы зияткерлік білім беру мектебі

К.Тасболатова атындағы зияткерлік білім беру мектебі Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жемісті ауылында 2022 жылы 1 қыркүйекте ашылды.

Мектеп іскерлі оқушылардың зияткерлік қабілетін дамытуға, білімін қалыптастыруға көмектесетін біліктілігі мен дағдысын дамытуға, адами құндылығы жоғары, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзінше дамуға ұмтылатын, шығармашыл, физикалық және рухани дамыған азамат тәрбиелеуге бағытталған.

Оқу — тәрбиелеу процесін жоғары білімді 56 мұғалім (1 педагог-шебер, 9 педагог-зерттеуші, 3 педагог сарапшы, 3 педагог модератор, 2 магистр), сондай-ақ, педагог-психолог, педагог-ұйымдастырушы, тәрбиешілер ұйымдастырады.

Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі мақсаты – оқушылардың адамгершілік, адами, ұлттық (абырой, сыйластық, тәртіп, құрмет) құндылықтарын арттыру, өз ісіне деген жауапкершілікке, өмірге мағыналы көзқараспен қарауға, басқалардың пікірін тыңдауға, ескеруге, басқалардың пікірін өз пікірімен салыстыруға үйрету.

Мұғалімдердің сапалық құрамы:

  • жоғарғы білімді мұғалім саны – 56
  • магистр мұғалім – 2
  • щебер – 1
  • зерттеуші – 9
  • сарапшы -3
  • модератор-3
  • санатсыз-38

Марапаттары:

  • «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі – 1
  • Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» — 1
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» – 2
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хаты» – 3
  • «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Құрмет грамотасы»-0
  • Облыс әкімінің арнайы сыйақысы (1 млн. теңге) – 0
  • Облыс әкімінің «Алғыс хаты» — 6
  • Түркістан облысы Білім басқармасының «Алғыс хаты» — 5

Жаңартылған білім мазмұны бойынша деңгейлік курстарынан өткен мұғалімдер ұстаздар  жаңа технология жаңалықтарымен үнемі хабардар етіп, деңгейлік курстар, коучинг сабақтар өткізіп білім деңгейін арттыруға үлес қосуда. 

Мұғалімдердің 50%  3 тіл меңгерген,  100% ақпараттық технологияны еркін қолданады. Зияткер барлық мұғалімдері жыл сайын  біліктілік арттыру курстарынан өткізіледі. Мұғалімдер арасында ПШО және еліміздегі «Өрлеу» Республикалық  біліктілік арттыру курстарынан өткен ұстаздар еңбек етеді.

Зияткер ұжымы білім беруде жоғары сапаға қол жеткізіп, үлгілі педагогикалық шеберлік, шығармашылық ізденіс үстінде шәкірттерге оқу-тәрбие беруде аянбай еңбек етуде.

Сынып-комплект саны –30, 600 оқушы білім алуда. Қоғамдық-гуманиталық және Жаратылыстану – математикалық, 2 бағытта білім береді.  Зияткер педагогикалық ұжымының жұмыс нәтижесінде оқушылардың айтарлықтай жетістіктері байқалады. Зияткер мектеп ойы ұшқыр, логикалық және шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, қазіргі заман талабына сай, өз елін сүйетін патриот азаматтарды тәрбиелеуде.

30

оқу кабинеттері

600+

оқушылар

56

білікті мұғалімдер

Құлқараев Айбек Алдиярбекұлы

Мектеп директоры
  • Қазақстан Республикасының білім беру ісінің «Құрметті қызметкері» төсбелгі
  • «Оңтүстік Қазақстан облысының үздік ұстазы» төсбелгі